Медицинские доклады, лекции,
темы, научные статьи и др...

Президент К.К. Тоқаевқа АШЫҚ ХАТ

1-06-2020, 10:50
915
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа 

АШЫҚ ХАТ


Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіздің, COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрестің шебінде жүрген қызметкерлер аталған індетті жұқтырып алған немесе сол аурудан қайтыс болған жағдайда, оларға біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы Жарлығыңыздың жарияланғаны белгілі. Жарлықтағы көрсетілген  міндеттемелерді орындау үшін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі шығарған «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы жарық көрді.

Алайда, қос министрдің қолы қойылып бекітілген бұйрық, бүгінгі таңда көптеген заңнамалық күші бар халықаралық және өз еліміздің заңнамаларына қайшы келіп отыр.

Біріншіден, медицина қызметкерлері өздерінің кәсіптік қызметтерін орындау барысында COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырып ауыратын болса, онда ол науқас кәсіби ауру болып табылады. Бұл жай, ҚР Еңбек кодексінің 1-ші бабында былайша көрсетілген: Кәсіптік ауру дегеніміз жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе жедел ауру. Сонымен бірге, Халықаралық Еңбек Ұйымының да (1996 ж.) шешімі де дәл осылайКәсіптік ауру - қауіпті факторлардың әсерінен туындайтын ауру.

Осылайшамедицина қызметкерлері өздерінің кәсіптік қызметтерін орындау барысында COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтыру оқиғаларын тергеп-тексеру және есепке алу шаралары ҚР Еңбек кодексінің -186-190-шы бабтарына және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1032,  28 желтоқсандағы №1055 бұйрықтары және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрықтарына сай жүргізілу қажеттілігі міндеттелген-ді.

Екіншіден, жақында ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай-ДДСҰ) жоғарыдағы жағдайдың ақ-қарасын ашып көрсеткен төмендегідей құжаты пайда болды: ДДСҰ-ның 2020 жылғы 19 наурыздағы уақытша  нұсқаулары: «Коронавирус ауруы (COVID-19): Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау бойынша негізгі ұсыныстарға қоса, медициналық мамандардың құқықтары, рөлдері және жауапкершілігі». (Временное руководство ВОЗ от 19.03.2020 "Коронавирусная болезнь (COVID-19): права, роль и ответственность медицинских работников, включая основные рекомендации по профессиональной безопасности и здоровью".)

Осы құжатта былай деп келтірілген: Егер жұмыс орнында COVID-19 инфекциясын жұқтырған болса, өтемақы, қалпына келтіру және медициналық қызмет көрсету құқығын құрметтеңіз. Бұл кәсіби инфекцияны жұқтырған болып есептеледі, ал соның салдарынан өрбіген ауру кәсіптік ауру деп саналады(соблюдать право на компенсацию, реабилитацию и лечебные услуги, если они заражены COVID-19 после контакта на рабочем месте. Это будет считаться профессиональным заражением, а последующее заболевание будет считаться профессиональным заболеванием).

Сонда қалай, ДДСҰ-ның мамандарымен күнара кеңесіп отыратын Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов осы жайдан хабарсыз болғаны ма, әлде басқа ойлағаны бар ма екен?

Үшіншіден, біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен (ГССФ), ҚР-ның «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы аясында,  профпатологиялық сараптау комииссиясының оң шешіміне сүйене отырып іске асырылуы керек.

Осы ретте ең бір түсініксіз жай бар. Бірлесіп жазған бұйрықтағы Қағидалардың 2-тармағында былайша көрсетілген: Адамдарға әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - ЖАО) комиссия құрады. Сол комиссияның құрамына 6 бірдей ұйымның өкілі кіргізілген, тек ол жерде профпатологиялық сараптау комииссиясының мүшелері, яғни қызметкердің бойындағы ауру мен еңбек жағдайы арасындағы байланыстылығын анықтау ісі құзіретіне кіретін мамандар ғана жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың бұл жұмысқа ешқандай да қатысы жоқ және болуы да мүмкін емес.

Осы реттегі профпатологиялық сараптау комииссиясының құзіреттері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1032 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі №680 бұйрықтарында анық айтылған.   

Тағы бір өкініштісі, күні кеше ғана ҚР ДСМ-нің вице-министрі Бюробекова өтем ақы беру тәртібіне орай өзінің РАТЕЛЬ сайтының тілшісіне берген сұқбатында: «Аурудың әр жағдайына сан-эпидемиялық қызметтің мамандары себеп-салдарлық байланыстың бар екендігіне мұқият тексеру жүргізеді»-деп, шегелеген ("По каждому случаю заболевания специалистами сан-эпид службы проводится тщательное расследование с установлением причинно-следственной связи").

Осыған орай айтарым:

Біріншіден, санитарлық қызметтің мамандарының «мұқият» тергеп- тесеруге ешқандай құқығы да, құзіреті де жоқ! ҚР ДСМ-нің бұйрықтарына сәйкес бұл жұмыс Жұмыс берушілердің үлесіндегі шаралар. Әлгіндей мамандардың сол тергеп-тексеру шараларына қатысуларға ғана болатындығы белгіленген. 

Екіншіден, өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында кәсіби ауру деген күдікке ілінген жұмысшыдағы «байланысты болу себебін» шешу, тек ғана  профпатологиялық сараптау комииссиясының құзырына кіретін міндет, басқа варианттың болуы мүмкін емес! Осыдан келіп, ДСМ-нің вице-министр Бюробекованың қатардағы кез келген дәрігерге таныс қарапайым сұрақтарды білмеуі, әрине үлкен КҮНӘ! Білмей тұра, қалың қауымды жаңылыстырудың соңы неге әкеліп ұрындыратынын Бюробекованың өзі де сезетін шығар!

Қос бірдей министрдің осындай қателікке ұрынуларының себебі неде деген сұрақ та тууы мүмкін?

Бүгінгі таңда, ел халқына 60-жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан жалғыз республикалық «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы» әр өңірдегі филиалдарымен қоса, министр Біртановтың жарлығымен, бұдан екі жыл бұрын жабылып тынды. Болмашы бір қалған бөлігін, «Профпатологиялық институт» деп айдар тағып, еліміздегі ең бір жемқорлыққа батқан (Нұр Отан партиясының дерегі бойынша) Қарағанды медициналық университетіне қосып жіберді (ректоры Р. Досмағамбетова).

Оның үстіне дәрігер профпатолог лауазымы алғашқы медицина-санитарлық көмектің (ПМСП) құрамына кіргізілмегендіктен, бюджет тарапынан қаржыландырылмайды. Осыған орай, елдегі профпатологиялық қызмет мамандары азайып кетті. Бүгінгі таңда, ДСМ-нің өзінде де профпатологиялық қызметті түсіне алатын бір маман жоқ! Осы жағы әсіресе, осы қызметтің «ыстығына күйіп, суығына тоңып» жүрген қарапайым дәрігер профпатологтар үшін алынбас асу болып келеді. Себебі, күнделікті қызмет барысында қолданылып келе жатқан министрліктің бұйрықтарын басшылыққа алып жұмыс істеу мүмкін емес. Бұйрықтарды дайындау жұмысына осы саланың мамандарын емес, бұл қызметті түсінде де көрмейтін балалар дәрігерлері, одан қалса санитарлық қызметтің мамандарының қатысуымен дайындалған.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! 

Менің Сізден өтінерім, жоғарыдағы келтірілген бұйрықтың күшін жоюыңызды сұраймын. Өйтпеген жағдайда, мұның соңы үлкен дау-дамайға, билікке деген халықтың сенімін әбден азайтуы бек мүмкін. Оның бер жағында, көршілес Ресей, Әзербайжан, Украина сияқты, басқа да өркениетті елдердің алдында үлкен ұятқа қалуымыз мүмкін.


Құрметпен, 

Жұбан Тілеубергенов,

медицина ғылымының кандидаты,

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Тәуелсіз сарапшы, заңгер

Нұр - Сұлтан қаласы.


Тел.: 87014280990







prezidentu-rk-tokaevu-k_k_-05_2020.doc [51 Kb] (cкачиваний: 20)

Посмотреть онлайн файл: prezidentu-rk-tokaevu-k_k_-05_2020.doc
prezidentu-rk-tokaevu-k_k_-05_2020.doc [51 Kb] (cкачиваний: 20)

Посмотреть онлайн файл: prezidentu-rk-tokaevu-k_k_-05_2020.doc
prezidentu-rk-tokaevu-k_k_-05_2020.doc [51 Kb] (cкачиваний: 20)

Посмотреть онлайн файл: prezidentu-rk-tokaevu-k_k_-05_2020.doc
Читайте также
Маман сертификаты
Маман сертификаты
"Кәсіби патология(еңбек медицинасы)" мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санаты тағайындалып берілді. Сертификат 5жыл мерзімге жарамды.
Добавить
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив