Медицинские доклады, лекции,
темы, научные статьи и др...
» ТАПСЫРЫСПЕН ЖАЗЫЛҒАН «ШАТПАҚТАРҒА» КІМ ЗӘРУ ЕКЕН?

ТАПСЫРЫСПЕН ЖАЗЫЛҒАН «ШАТПАҚТАРҒА» КІМ ЗӘРУ ЕКЕН?

14-12-2020, 15:56
359
0
Жақында А. Аширов есімді «Еңбекті қорғау және еңбек қатынастары сұрақтары» бойынша алматылық тәуелсіз сарапшы, «Егер қызметкер коронавируспен ауырса, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізу қажет пе?» - деген маңызды мәселені көтере отырып, оқырман қауымға бірнеше сұрақ тастапты.
Біріншісі, COVID-19 пандемиясы салдарынан сан алуан кәсіпорындардағы коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тәуекел қаупі еселеп артатыны белгілі. Осыған орай, бұл ауру өндірістегі жазатайым оқиғаларға жата ма деген сұрақ.
Екіншісі, егер коронавирустық инфекцияны жұмыс орындарында жұқтырған болса жұмысшылар,  бұл жағдайда, жазатайым оқиғаны заң аясында тергеп-тексерудің қажеті бар ма, әлде жоқ па? 
Тәуелсіз сарапшы өзінің көпшілікке тастаған бірінші сұрағына ҚР ЕК 186-бабының 1,2,3 - тармақтарының бір әрпін де өзгертпей көшіріп жазумен толыққанды жауап берген екен. 
Осылайша баяндай  келе, әңгімемізге арқау болып отырған  коронавирустық инфекцияны, жұмыс орындарында жұмысшылар жазатайым жұқтырып алған жағдайда, аурудың пандемия мәртебесіне ие болған таралу ауқымын, ұзақ инкубациялық кезеңін ескеретін болсақ, ауруды жұқтыру себептерінің қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауларымен байланысты екенін объективті түрде анықтау өте қиын болатынын айтып өтіпті. Әрине, егер қандай да бір тікелей ресми және құжатпен тіркелген дәлелдер болмаса!
Жоғарыда келтірілген қиындықтардың қайсысын да көзге ілмей, еліміздің денсаулық сақтау саласының мамандары, сол пандемия мәртебесіне ие болған ауруды емдеу мақсатында, қарусыз майданға лап берген жоқ па? Ажалмен бетпе-бет келіп, қалың елінің алдында өздерінің дәрігерлік борыштарын өтеу жолында қаншама денсаулық сақтау саласының мамандары мерт болды! Сонда, солардың артында қалған біз бен сіз сияқты тірі қалғндарымыз, сол мерт болған әріптестеріміздің алдарындағы парызымызды орындауды неге қиынсынуымыз керек, «сыныққа сылтау іздеп»?
Қалың елге белгілі болғанындай, өтіп бара жатқан жылдың басында Президент Қ.К. Тоқаевтың COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлері, аталған індетті жұқтырып алған немесе сол аурудан қайтыс болған жағдайда, оларға біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы Жарлығы жарық көрді. Жарлықтағы көрсетілген  міндеттемелерді орындау үшін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі шығарған «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы да жарияланды.
Осы бұйрықта, медицина қызметкерлерінің аталған індетпен ауырған немесе сол аурудан қайтыс болу фактілері орын алған жағдайда, оларды кәсіби аурулар санатына кіргізуден министрлер бас тартты. Осылайша, екі бірдей министр ҚР Еңбек кодексінің 1-ші бабында көрсетілген: «Кәсіптік ауру дегеніміз жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе жедел ауру» деген бабтың белінен бір-ақ сызды. Ал, Халықаралық Еңбек Ұйымының (1996 ж.) «Кәсіптік ауру - қауіпті факторлардың әсерінен туындайтын ауру» деген шешіміне пысқырып та қарамады.
Дәл осы кезде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай-ДДСҰ) 2020 жылғы 19 наурыздағы уақытша   нұсқаулары жарияланған болатын-ды. «Коронавирус ауруы (COVID-19): Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау бойынша негізгі ұсыныстарға қоса, медициналық мамандардың құқықтары, рөлі және жауапкершілігі» атты құжатта былай деп келтірілген: Егер жұмыс орнында COVID-19 инфекциясын жұқтырған болса, өтемақы, қалпына келтіру және медициналық қызмет көрсету құқығын құрметтеңіз. Бұл кәсіби инфекцияны жұқтырған болып есептеледі, ал соның салдарынан өрбіген ауру кәсіптік ауру деп саналады.
Сонда қалай, ДДСҰ-ның мамандарымен күнара кеңесіп отыратын Біртанов осы жайдан хабарсыз болғаны ма, әлде басқа ойлағаны бар ма екен?
Міне, осыдан кейін мен кәсіби патология саласының 30-жылдан бергі байырғы маманы ретінде, алғашында ФБ-тегі парақшамда, кейін Президент Қ.К. Тоқаевтың атына 26.06.2020 ж. АШЫҚ хат жаздым. Еңбек министрлігі жазған жауап хатты мен 2 айдан соң ғана алдым. Сол жауапта, медицина қызметкерлері пандемия кезінде жұқтырып алған ауруды кәсіби аурулар санатына жатқызу, оларға тергеу мен тексеріс жұмыстарын жүргізу ДСМ-нің құзыретіне кіретін жай екендігі анық көрсетілген. Дәл осындай жауапты күткенмін де! 
Ал, үлкен өкінішке орай, ДСМ-і тарапынан осы күнге дейін жауап болған жоқ. Кейінірек, 14-15 қыркүйек аралығында ДДСҰ-ның корнавирус тақырыбына арналған жиыны өтті, оған министр А. Цой басшылық жасады. Жиын кезінде осы жайларды көтерген хат жолдадым, ол да жауапсыз қалды. Сонда қалай, бір хатқа жауап алу үшін министрді ҚР 2013 жылдың 03 шілдесіндегі Заңына сәйкес сотқа беруім керек болғаны ма? Түсініксіз.
Айтайын дегенім, өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында кәсіби ауру деген күдікке ілінген жұмысшылар денсаулығы мен еңбек орындарындағы әртүрлі өндірістік факторлардың әсерлері арасындағы «байланыстың» болу себебін шешу және оған осылайша көзі ашық ел сенетіндей қорытынды жасау, тек ғана  профпатологиялық сараптау комииссиясының және медициналық әлеуметтік сараптау комииссиясының құзырларына кіретін міндет екендігін ескермей үлкен қателікке ұрынды.
Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы 130-дан аса дәрігерлік мамандықтың ортасынан ойып тұрып орын алатын, XXI ғасырдың маманы деп танылған дәрігер профпатологтардың ғана құзыретіне кіретін міндеттерді шешу жолдары, ҚР Еңбек кодексінің 186-190-шы бабтарына және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1032,  28 желтоқсандағы №1055 бұйрықтары және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрықтарына сай жүргізілу қажеттілігі анық көрсетілген-ді.   
Бір сөзбен айтқанда, қос министр бекіткен жоғарыдағы БҰЙРЫҚ, ҚР Еңбек кодексінен де биік тұруына байланысты, мәселенің барлығын айналамыздағы өркениетті елдер сынды у-шусыз шешуге мүмкіндік берілмеді. Себебі, бірлесіп жазған бұйрықтағы Қағидалардың 2-тармағында былайша көрсетілген: Адамдарға әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - ЖАО) комиссия құрады. Сол комиссияның құрамына 6 бірдей ұйымның өкілі кіргізілген, тек ол жерде профпатологиялық сараптау комииссиясының мүшелері, яғни қызметкердің бойындағы ауру мен еңбек жағдайы арасындағы байланыстылығын анықтау міндеті құзіретіне кіретін медициналық мамандар ғана жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың бұл жұмысқа ешқандай да қатысы жоқ және болуы да мүмкін емес!
Мұндай заң бұзушылық кімге керек болды екен деген сұрақ туындауы  мүмкін? Ол тек ғана, еліміздегі бүкіл жұмыс берушілердің (соның ішінді бас дәрігерлердің) шашбауын көтеріп жүрген қос министрге ғана қажет болды. Бүгінгі таңда осы тұжырым іс жүзінде толық дәлелденді. Әңгіменің ашығы, қос министрдің қолынан шыққан осы БҰЙРЫҚ түгелдей жойылмай, «жанып» кеткен әріптестеріміздің аманатын орындау, ажалдан аман қалған әріптестері үшін алынбас қамалға айналып қала бермек! 
Бұған дейін, мен осы мәселені көтерген Алматыдағы кәсіподақ орталығы заңгерлерінің Tengrinews.kz сайтының тілшісімен жүргізген сұқбатын оқығанмын. Сұқбат «COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлерінің қай бөлігіне өтем ақы тиесілі» деген атпен айшықталған екен. Заңгерлер елдегі пандемия кезінде өздерінің кәсіби жұмыстарын атқару барысында індет жұқтырып алған медицина мамандарының ауруларға ұшыраулары мен коронавирус COVID-19 індетінің әсері арасында қандай да бір байланыс бар ма, әлде жоқ па? Дөп басып айту, өте қиын ғой деп, тереңнен толғанған көрінеді.
Заңгерлердің сөздеріне сенетін болсақ:
- «медицина мамандарының  COVID-19 індетін жұқтырып алу фактісі жұмыс орнында болды ма, әлде жұмыстан тыс уақытысында жұқтырды ма, ол жағын анықтау өте күрделі»  - екендігін айтып қиналыпты;
Бұл сұрақ, бүгінгі таңда, ел халқына 60-жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан дәрігер профпатологтардың үлесіндегі міндет болып есептеледі және олар үшін ешбір қиындығы жоқ шаруа! 
- егер қызметкер сегіз сағаттық кестемен жұмыс істейтін болса, онда ол қоғамдық көлікте немесе жұмыстан тыс уақытында басқа қоғамдық орындарда жұқтыруы мүмкін ғой; 
Сонда, осы заңгерлер жұмыс орны деген түсінікке, жұмысшының үйінен шығып жұмысына барып және одан қайтып үйіне келгенге дейінгі аралық жататынынан хабарсыз болғаны ма?
- еліміздегі коронавирустық инфекцияны кәсіби аурулар санатына  қосуға болмайды деп санайды. Өйткені, бұл ауру жақында ғана пайда болған және ғылыми тұрғыдан мүлдем зерттелмеген. Заңнама бойынша кәсіби аурулардың тізбесі, жаңадан пайда болған барлық ауруларды қамтуы мүмкін емес деп, ой түйіндепті; 
Біздің жағдайымызда кәсіптік аурулардың басыбайлы мемлекеттік тізбесі болмаса да, пандемия кезеңіндегі кәсіби ауруларды анықтау үшін, ХЕҰ-ның 2010 жылғы 25 наурыздағы Әкімшілік кеңесі бекіткен кәсіптік аурулардың тізбесіндегі (2010 жылғы қайта қарау) 1.3.9. тармағын пайдалануға тиіспіз. Кәсіби қызметіне байланысты әлгіндей биологиялық факторлардың экспозициясы мен қызметкерде пайда болған ауру (аурулар) арасындағы тікелей байланыс ғылыми тұрғыдан немесе ұлттық жағдайлар мен практикада  жүргізілген әдістермен анықталатын болса, диагнозды белгілеу дәрігер профпатологтар үшін еш қиындық туғызбайды дер едім.
Дәл осындай «ақыл» жарыстырған сұқбатты "Бұрынғыдай жұмыс істеуі екіталай". Індеттің 2-толқыны алдында билік дәрігерлерді қалай ренжітті? деген мақаланы, Азаттық радиосы сайтында да кездестіргенім бар.
Осылардың барлығын оқып, жан-жақты таразылай келе, көңіліме түйгенім төмендегідей болды: Осындай мамандардың «он қайнаса сорпалары қосылмайтын», кәсіби патологияның мәселелеріне араласып, тапсырыспен әр нәрсенің басын шатып жазған шатпақтарына кім зәру екен, соны ғана білгім келеді.
Читайте также
ҚАЛЫҢ ЕЛДІ ЖАЛМАҒАН ІНДЕТ ҮШІН ЕМЕС . . .
ҚАЛЫҢ ЕЛДІ ЖАЛМАҒАН ІНДЕТ ҮШІН ЕМЕС . . .
---
Құрметті оқырман! Еліміздегі денсаулық саласын цифрландыру бағдарламасына бөлінген 526 миллион теңгені жөнсіз жұмсады деп айыптап, қоғамнан
Маман сертификаты
Маман сертификаты
"Кәсіби патология(еңбек медицинасы)" мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санаты тағайындалып берілді. Сертификат 5жыл мерзімге жарамды.
Добавить
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив