Медицинские доклады, лекции,
темы, научные статьи и др...
» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Е. А. Бейсенбаев мырзаға

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Е. А. Бейсенбаев мырзаға

18-04-2024, 13:09
243
0
Құрметті Ержан Алмабекұлы!

Күні кеше ғана мәжіліс залында отырып, өзіңіз «өкпе - назыңызды» айтқан ДСМ-нің бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлының жүріп өткен мансап жолына қарасаңыз, біраз нәрсені байқаған болар едіңіз. 40 жасында ДСМ-нің бірінші вице-министр тағына отырған бұл азамат, бұған дейін де министрлікке 2 рет келіп, 2-ші рет кеткелі отыр. Кеткенде қайда барады дейсіз ғой, баратын жері де дайын тұр! Тағы да сол Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында «меншіктеген» орны бар.

Tulane университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәмамдаған маман, ұмытпасам, пандемия кезінде вице-министр лауазымында отырған-ды. АҚШ-тан оқып келген маман пандемия кезінде кабинетінен шығып, қандай да бір мәселелерді біліктілікпен атқарып, қалың елді ізінен ертіп еді дегенін, көзіміз көрген жоқ. Оған таң қалу да артықтау болар, себебі, жүріп өткен жолына қарасам, «тірі» науқасты қолымен ұстап көрмеген дәрігер маманға көбірек ұқсайды? Әрине, бұл менің пікірім.
Сондықтан, Сіз айтпақшы баспасөз мамандары алдында «шикі комментарий», өтірік ақпарат берді, 5-6 жыл бойы қалың еліміз запы болған «қисық» жүйені қолдап кетті, министр ханымның алдына түсіп кетті деуіңіздің барлығы орынды. Дегенмен, «Болашақ» бағдарламасын бітіріп келгендер үшін, мұндайлардың барлығына кешіріммен қаралып, келесі бір мансаптың тағына қонжитады ғой. Себебі, елдегі жең ұшынан жалғасқан жемқорлық айтқанын орындатады емес пе?
Жалпы, министрлікте отырғандардың барлығы «көне қазақстаннан» келе жатқан кадрлар. Менің ойымша, болашақта бүгінгі министр ханымға олар ауыз тұщытарлық ақыл-кеңес беруге қауқарсыз. Халықтың сый-сияпатына бөленбеген жандар. Бұл басы ашық нәрсе! Сондықтан, меніңше министр ханымға министрлікті мекендеп келе жатқан сол көне кадрлардан түгел тазартқаны абзал.
МӘМС жайында
Біріншіден, ДДҰ (ВОЗ) – ның деректері бойынша:
- әлемдегі жалпы халықтың 78%-ы дені сау азаматтар, яғни олар қажетті нәрселер спорт алаңдары, су бассейндері және демалыс орындары мен салауатты өмір салтымен өмір кешу;
- 15%-ы белсенді өмір сүру кезінде алдын алуға және бақылауға болатын созылмалы аурулары бар адамдар. Олар үшін қажеттісі жылына 1-2 рет емханалардағы жалпы тәжірибелік дәрігерлерге барып қаралу; 
- тек ғана 7% - ның үлкен шығындарды қажет ететін аурулары бар тұрғындар. Демек, біздің еліміздегі 20 миллион халықтың 7% - на, яғни 1,5 миллион адам ғана, күнделікті белсенді емдеу шараларына қардар екен.
Екіншіден, 
еңбек жасындағы әрбір жұмыскердің табысынан ай сайын 10% салық ұсталып отырады;
сол жұмыскердің өзі жалақысының 2% - ын ай сайын сақтандыру қорына жіберіп отырады;
сонымен бірге, сол жұмыскердің жұмыс орнынан 2% салық тағы да ай сайын сақтандыру қорына жіберіліп отырады. Бұл күндері осылардың өзін азсынып, салықты онан сайын көбейткелі отыр. Әрине, бұл – нағыз әділетсіздік!
Үшіншіден, ең бастысы, ҚР Ата заңында былай деп анық көрсетілген: науқастанған адамның шығыны бюджеттің есебінен, не өз қаражатымен емделуіне құқылы делінген. Оның үстіне, МӘМС Президент Қ. Тоқаевтың пәрменімен міндеттелмеген. Міндетті деп жүргендер, бержағындағы шенеуніктер деп айтқан-ды, депутат Ринат Зайытов. 
Тағы бір сұрақ, МӘМС-пен жұмыс жасауға кімдер мүдделі болып отыр? Тек ғана науқастар мен дәрігерлер қауымы емес! Олар керісінше, о бастан МӘМС-ті  түгелдей алып тастауды қолдап келеді. Бүгінгі таңда, халыққа медициналық көмек көрсету ісі кері кетпесе, жанданып жақсарудың ауылы әзірге күн сайын алыстап барады. Себебі, қағазбастылық дәрігерлерді бас көтертер емес, оның үстіне еш мотивация жоқ.
Ал мүдделі болып отырған негізінен көп жылдардан бері, адам айтса сенгісіз, былыққа батқан министрліктен бастап, ауыл – аймақта отырған бас дәрігерлер екені, ешкімге ешқандай шүбә келтірмейді. Олай дейтініміз, МӘМС үшін жан-жақтан жиналған миллиардтар мен триллиондар, биылғы ие бермей жатқан тасқын судай бір ғана қамбаға құйылып жатыр. Осынша дүниені қабылдап алып жұмсайтын да, бөлетін де, оның кем кетігін тексеретін де, ұрлық-қарлығын әшкерелейтін де сол қамбаның иесі. Бір сөзбен айтқанда, «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» демекші, бұл сала түгелдей тастай болып монополияланған!   
Айтқандай, жақында келген министр ханым беті ашылған осындай былықтардың мәселесін «май шаммен қарау үшін» тиісті органдарға берілгенін, тексеріліп жатқанынан хабар берген-ді. Үміттіміз. Ал экс-министр А. Ғинияттың кезінде «қолды» болған 1 триллион теңгеден де, әзірге хабар-ошар ала алмадық? 
Құрметті Ержан Алмабекұлы! Бар үмітіміз сіздерде! Қоғамдағы барлық әділетсіздіктерден арылу жолында, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», батыл-батыл қимылдар жасайық алдағы уақытта.

Құрметпен Жұбан Тілеубергенов
Тәуелсіз сарапшы. Еңбек ардагері
т.: 87014280990 
Читайте также
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы А. Қ. Аймағамбетов мырзаға ХАТ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы А. Қ. Аймағамбетов мырзаға ХАТ
---
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 5-і күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Қ. Жақыпова «2030
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ -  ӨТЕ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ - ӨТЕ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Ж. Тілеубергенов, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Тәуелсіз сарапшы, заңгер Нұр - Сұлтан қаласы. Қ. А. Асқаров,
ҚАЛЫҢ ЕЛДІ ЖАЛМАҒАН ІНДЕТ ҮШІН ЕМЕС . . .
ҚАЛЫҢ ЕЛДІ ЖАЛМАҒАН ІНДЕТ ҮШІН ЕМЕС . . .
---
Құрметті оқырман! Еліміздегі денсаулық саласын цифрландыру бағдарламасына бөлінген 526 миллион теңгені жөнсіз жұмсады деп айыптап, қоғамнан
Добавить
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив