25-ШІ МАМЫР - АҚҚАҒАЗ ДОСЖАНОВАНЫҢ ТУЫЛҒАН КҮНІ
Құрметті Әріптестер!
Бүгін, 25-ші мамыр – қазақ халқының алғашқы әйел дәрігерлерінің бірі Аққағаз Досжанованың туылған күні. Халқымыздың талантты да, ұлтшыл, аяулы қызы Аққағаз Досжанованың өмірбаянымен сіздерді таныстырып кетпекшімін.
Шындығына жүгінетін болсақ, қазақ халқының әйел дәрігерлерінің бірі, ұлтымыздың даңқты қызы, Аққағаз Досжанованың есімі көп жылдар бойы тарихи естеліктердің көлеңкесінде қалып келгені рас. Оның медицина саласындағы батылдығы халық жадында және кейбір мұрағат материалдарында сақталып қалған.
Аққағаз Досжанова 1893 жылы Орынбор губерниясы, Торғай облысының Ақтөбе уезі, Бөрлі болысының №5 ауылында дүниеге келген. Қазір оның ауылы Бөрте (Мәртөк ауданы) деп аталады. Ата-анасынан ерте айырылған Аққағаз, ағасы Сағындықтың тәрбиесінде болады. Өзінің айтуынша, ағасы Сағындық, Аққағаздың болашақ мамандығын таңдауына айтарлықтай әсер еткен және оның тіпті тағдырын да анықтаған екен. Осылайша, Сағындық ағартушы - ғалым Ыбырай Алтынсариннің жолын қайталады. Сонымен қатар, ол Халел мен Жаханша Досмұхамедовтың басшылығымен Алашорда партиясының Батыс қанатының баға жетпес мүшесі болды. Сағындық Досжанов сол кездегі жергілікті қазақ қыздарының білім алмаулары керек деген, жаңсақ тәрбиеге қарсы шығып, кішкентай Аққағазды әуелден мектепте оқытты. Ағасының бұл әрекеті, ақ халат киген алғашқы қазақ әйелдерінің бірі, Аққағаздың мансап сатысындағы алғашқы қадамы болды.
1914 жылы ақылды және қабілетті қыз Орынбор әйелдер гимназиясын үздік бітіріп, Мәскеудегі медициналық курсқа түсті. Ол оқумен ғана шектеліп қалған жоқ, өз отандастарының мүддесі үшін де, түрлі қоғамдық шараларға қатысқан. Аққағаз Досжанова азаматтық соғыстың қиын жылдарында империяның бес ірі жоғары оқу орындарының бірі - Томск медицина университетінде оқыған. Томскіден кейін, ол - Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетінде оқуын жалғастырып, онда резидент дәрігер лауазымында тәжірибеден өткен.
1918 жылы ол өзінің денсаулығының сыр беруіне байланысты Мәскеудегі фельдшерлік курстан кетіп, "Қайрымдылық мейіргері" куәлігін алып, денсаулығын жақсарту мақсатында өз отанына оралады. Еліне оралған Аққағазды туған жерінің салқын самалы мен саф ауасы, ем ретінде ішкен саумал қымызы, оның денсаулығының жақсаруына айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, ол бір жарым жылдан кейін қайтадан Мәскеуге оралады.
Мәскеудегі оқуын аяқтағаннан кейін, Аққағаз Бірінші дүниежүзілік соғыс аренасында қатал да, қатыгез қақтығыстардың ортасында болады. Қайсар мейіргер Аққағаз шайқас алаңына барып, адамдардың өмірін сақтап қалу мақсатымен, әскери ауруханада жұмыс істейді.
Мәскеудегі университетті бітіргеннен соң, Аққағаз Ташкентте дәрігер болып жұмыс істеуге кіріседі, жетімдерді емдеумен қатар қоғамдық жұмыстармен де айналысты. Ол балалар үйіндегі жетімдерді анықтап қана қоймай, оларды өзі емдейді, өйткені, олардың көбі тері ауруларынан зардап шеккен екен. Осындай жұмыста жүріп Аққағаз Досжанова өзінің болашақ күйеуі Әділгерей Ершінмен кездеседі. Содан кейін олар 1925 жылы үйленіп, Алматыға қоныс аударыпты. Оңтүстік астанада Аққағаз қалалық ауруханалардың бірінде жұмыс істеген. Батыл дәрігер ашаршылық жылдарында өз денсаулығына қарамастан, барлық күш-жігерімен, адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысып еңбек еткен. Дегенмен, жұмыс жағдайы, қаланың дымқыл ауасы оның денсаулығына айтарлықтай әсер етіп, отбасымен Шымкент қаласына көшуге тура келеді. Аққағаз Досжанова 1932 жылдың 29-шы қаңтарында, туберкулез ауруынан қайтыс болады.
Аққағаз Досжанова небәрі 39 жыл өмір сүрді. Әйтседе, оның өмірінің әрбір саналы сағаты медицина саласына, өз халқына қалтқысыз қызмет етуге арналған-ды.
Бүгінгі таңда, Аққағаз Досжанованың жүріп өткен жолы, туған халқына адал ниетімен жасаған қызметі, соңынан ерген ұрпақтың көз алдында ұмытылмақ емес. Соның айғағы ретінде 2016 жылы, Ақтөбе қаласында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің жанына қойылған Аққағаз Досжанованың ескерткіш-мүсіні, Аққағаз Досжанова атындағы Конференц Холл мен атына көше беріліп, бой түзеуі мерейімізді тасыта беретіні, әрдайым көңілімізге қуаныш ұяалатады.

Читайте также
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы А. Қ. Аймағамбетов мырзаға ХАТ
---
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 5-і күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Қ. Жақыпова «2030
ҚАТЕЛЕСУ – АДАМҒА ТӘН ҚАСИЕТ
Осы мақаланы жазуыма себеп болған жай, ол – Республикалық Жас Алаш газетінің өткен жылғы /22.11.2022 жыл №93/ санында жарияланған Азат Әлихан атты
ҚАЛЫҢ ЕЛДІ ЖАЛМАҒАН ІНДЕТ ҮШІН ЕМЕС . . .
---
Құрметті оқырман! Еліміздегі денсаулық саласын цифрландыру бағдарламасына бөлінген 526 миллион теңгені жөнсіз жұмсады деп айыптап, қоғамнан
Комментарии (0)