ҚАТЕЛЕСУ – АДАМҒА ТӘН ҚАСИЕТ
Әңгімемізді «дәрігерлік қателік» дегеніміз не деген сұраққа, шама-шарқымызша жауап беруден бастасақ?
Медициналық /дәрігерлік/ қателік – бұл қылмыс құрамы жоқ, ең бастысы қоғамымыздағы денсаулық сақтау саласының жеткілікті деңгейде жетілмегендігінің нәтижесінде орын алатын, дәрігердің саналы түрдегі адасуы. Түсінікті тілмен айтсақ, медициналық қателік – адам денсаулығына тікелей зиян келтіру мақсатынан ада, дәрігерлер тәжірибесіндегі сиректеу болса да кездесіп қалатын жазатайым оқиға.
Айта берсек, медициналық қателік – бұл дәрігердің күн сайынғы дамып келе жатқан ғылыми жетістіктердің жемісін өз қажетіне жарата алмауы мен жоғары оқу орындарында алған білімінің таяздығынан, қала берді, өзіндегі бар білімді тәжірибе жүзінде пайдалана алмауынан туындайтын қате іс-әрекеті /немесе әрекетсіздігі/.
Медициналық қателік, атақты американдық медициналық құқық профессоры Брайан А. Лайеннің пікірінше «о баста жоспарланбаған, ал жоспарланған әрекетті сәтсіз орындау немесе қойылған мақсатқа жету үшін жаңсақ әрекет жоспарын қолдану» деуге келеді. Дегенмен, дәрігердің қолданысындағы жаңсақ әрекет, науқасқа зиян келтіретіндей етіп қасақана немесе абайсызда жасалған әрекеттер қатарына жатпайды. Байқағанымыздай, дәрігерлік қателікке берілген анықтама маңызды субъективтілікпен сипатталады, әсіресе, дәрігердің адасушылықтарының саналылық дәрежесіне қатысты. Ал субъективтілік бар жерде, ашық емес және тенденциялық шешімдердің еркін түсіндірмелері мен негіздерінің жоғары ықтималдылығы бар. Ал егер осы жағдайлар объективті және бейтарап, тәуелсіз сот сарапшыларымен қаралатын болса, мұндай ықтималды факторларға жол берілмеген болар еді.
Жалпы, дүние жүзі бойынша медициналық қателіктердің бірізділікпен келісіліп отырып жазылған анықтамасын таппадық және оның болуы да мүмкін емес сияқты, себебі, медицина математика емес ғой. Соған қарамастан, жоғарыда келтірілген сияқты анықтамалардың саны бүгінгі таңда 200-ден асып жығылатын көрінеді. Әйтсе де, осыншама анықтамалардың бірде - біреуі ешқандай елдің қылмыстық кодекстерінде көрсетілмеген. Демек, медициналық қателіктердің қандайда бір орын алған салдарына қарамастан, медицина мамандары жазаланбайтын болып шешілген.
Бір сәт, күнделікті өміріміздегі азды-көпті орын алып жататын медициналық қателіктерді ежелгі оқымыстылардың ақыл-ой таразысынан өткізіп бағамдар болсақ, нені ұғып, нендей нәрселерге көз жеткізуге болар еді?
Ең әуелгісі, санамыздың саңлауы арқылы сызаттап кіріп бізге жеткені, ол-медициналық қателіктер үшін дәрігерлердің жауапкершілігін реттейтін заңнаманың өте ерте заманнан-ақ пайда болғаны дер едік. Бізге дейін жеткен сондай заң актілерінің бірі ретінде, біздің эрамызға дейінгі /б.э.д./ - 1792-1750 жылдары Вавилонды билеп, Месопотамияны /Вавилония/ біріктірген Хаммурапидің тасқа қашалған Заңдар кодексін келтіруге болады. Сол кодексте медициналық қателіктер үшін белгіленген жауапкершілікті қамтитын заңның 3 бірдей тармағы қарастырылған.
Ежелгі Үндістан еліндегі Ману заңдарының кодексіне сәйкес б.э.д. X-V ғ. ғ., дәрігерлерге науқас адамды қате емдегені үшін айыппұл салынды және оның мөлшері науқастың денсаулық жағдайына байланысты белгіленген.
Ал ежелгі Грецияда дәрігерлік шеберлік жоғары бағаланатын болған. Осыған орай, егер пациент «дәрігердің еркінен тыс», яғни дәрігердің науқасты аман алып қалу мүмкіндігі сарқылып қайтыс болғанның өзінде, дәрігерлер тарапынан жіберілген медициналық қателіктер /болған жағдайда/ кешіріліп, олар жауапкершіліктен толықтай босатылатындығын келтіреді.
Еуропа құрылығындағы ежелгі дүниенің ең озық дамыған өркениеттерінің бірі Римдегі құқықтық заңнамаларға сәйкес, дәрігерлерді жазалау олардың өрескел қателіктері үшін ғана қарастырылған және медициналық қателіктер ұғымының ауқымы өте кең болған. Мысалы, бұған дәрігерлер тәжірибесінің аздығы, олардың өз жұмысына деген салғырттығы және науқас адамдарға медициналық көмек көрсетпеуі де жатады екен. Римнің құқықтық заңнамаларында, осы уақытқа дейін аурудың ауырмашылық дәрежесіне тікелей байланысты адам өлімінің заңдылығына, түсіністікпен қарап келеді.
Ал енді көне Русь тарихындағы адамдарды емдеу ісі, «сиқырлық» және «сиқыршылықпен» айналысу әрекеттеріне теңестірілген. Мұндай жағдайда орын алған медициналық қателіктер үшін, дәрігерлер тарапынан қасақана қылмыс жасалынған деген желеумен қатаң жазаға тартылатын болған. Осыған мысал ретінде, Ұлы Герцог Джон III-тің науқас ұлын емдеген, бірақ, қанша тырысса да оны өлімнен құтқара алмаған дәрігер Леонның өлтірілуін келтіруге болады. 1686 жылы патша жарлығының бірінде емшілерге қаратып: «Егер олардың біреуі, алдына келген науқас адамды әдейі немесе байқаусызда өлтірсе және бұл оқиға халыққа түгел белгілі болса, ондай әлгіндей емшілер өлім жазасына кесіледі» - деп, ескерту жасалынған.
Бағамдап қарасақ, бұл келтірілген жағдайлардың әрқайсысында медициналық қателіктерге қатысы бар қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және оны жеңілдетуге негіз болып табылатын «адал қателік – адал ниет» ұғымы бар екен. Ал, егер орын алған медициналық қателік дәрігерлердің өз міндеттерін адал ниетпен емес, салғырттықпен орындауының нәтижесі болып жатса, ондай дәрігер өзін қалайша қорғап қалуы мүмкін?
Жалпы, арғысы – патша заманынан бастап, бергісі – кеңестік дәуірді қоса есептеген уақыт аралығындағы дәрігерлік қателік ұғымының шығу тарихына сәл-пәл тоқталып кетсек. Бұл терминді кеңестік кеңістігімізде алғаш рет XIX ғасырдың бас кезінде, орыс халқының көрнекті хирургы Н.И. Пирогов қолданғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі күнге дейін көпшілік арасында айтылып жүрген қанатты сөздердің бірі болып табылатын «Errare humanum est» - «Қателесу-адамға тән қасиет» деген сөздің кімге және қай уақытқа тиесілі екендігін, б.э.д. V ғасырда айтылған деп те, есептейтіндер бар. Әйтседе, әртүрлі сала мамандарының арасындағы кәсіби қателіктер жайлы сөз қозғамас бұрынанығын дөп басып айта алмаған тарихшылар, күні бүгінге дейін шаршамастан дауласып келеді. Соның ішінде, жоғарыдағыдай тұжырымды, сол саланың білгір маманы болмай, қандай да бір төрелік айту қиын, әрине. Солардың ішінде, медицина мамандары тарапынан жіберілген қателіктер туралы баспасөз беттерінде оқырман қауымның қажетіне жарарлық тұжырымдар жасап, істің ақ-қарасын айқындау, кез келгенге тартыла бермейтін сыбаға. Осы саланың өмір бойғы «суығына тоңып, ыстығына күйіп», дүйім елге еңбегі сіңген ежелгі дәрігерлердің бірі: Медицина – денсаулық сақтау сала мамандарымен жіберілген қателіктердің толағай тарихы деп, тұжырымдаған көрінеді.
Ең бастысы, өзге салалардағы сынды сиректеу кездесетін кәсіби қателіктер, еліміздің денсаулық сақтау саласындағыдай мұқият тексеріле бермейді десек, қателеспеген болар едік. Себебі, мұның барлығы дәрігерлердің науқастарға медициналық көмек көрсету кезіндегі орын алатын зардаптардың ауыр болуымен тікелей байланыстылығын еске салады. Ол – адамдардың мүгедектікке ұшырап, еңбек етуге жарамсыз болып қалуымен, ал кей жағдайда-адам өлімімен аяқталуы.
Осы орайда, еліміздегі профилактикалық медицина академиясының Президенті профессор А. Шарманов былай деген-ді:

- Әрине, кез келген маман сияқты дәрігер де кәсіби қателіктерге жол бермеу үшін бар күш-жігерін барынша жұмылдыруға міндетті. Ал өзінің кәсіби міндетіне адал емес көзқарас танытқан жағдайда, заң жүзінде дәрігер толық жауапкершілікке тартылуы керек. Дегенмен, бүгінгі дәрігерлер қауымы қазіргі замандағы медицинадағы белгілі болған 14 мыңнан астам аурудың түрлерімен айналысатынын ұмытпаған абзал. Олардың көпшілігінің табиғатын танып білу, қала берді, сол ауруларды диагностикалау, емдеу және оларды алдын ала болдырмаудың жолдары, қазіргі ғылым үшін жұмбақ күйінде қалып отыр.
Қазіргі таңда аурулармен күресу құралдарының арсеналында 6 мыңға жуық дәрілік заттар мен 4 мыңнан астам хирургиялық, тағы басқа да емдеу әдістерінің аралас түрлері бар. Көпшілігінде бұл жоғары технологиялық және көп ресурстар мен біліктілікті қажет ететін әдістер. Олар тек күрделі кәсіби дайындықты ғана емес, сонымен бірге, маңызды интеллектуалды және физикалық күш-жігерді қажет етеді. Міне, осындай әлемдегі бүгінгі медицина саласы деп, аяқтаған еді сөзінің соңын.
Жақында ғана Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары /бұдан әрі - ДСМ/ медициналық қате деп жаңсақ түсіндіріліп келген жазатайым оқиғаны дәрігердің салғырттығынан қалай ажыратуға болатынын түсіндіріп өтті: «Салғырттық тек медицина саласында ғана болмайтынын түсінулеріңіз қажет. Бұл жерде оларды бір-бірінен ажырату өте қиын. Түсінікті болуы үшін айта кетейін, халықаралық тәжірибелерді зерделей отырып, біз көптеген дамыған елдердегі дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі, дәл осы «арам ниеттің болуы» қағидасын негізге ала отырып құрылғанын түсіндік. Егер медицина қызметкері қасақана медициналық қателікке ұрынатын болса, онда, ол заңнамаға сәйкес қылмыстық баппен жазаланатын болады. Дәрігердің қылмыстық ниеті болған жағдайда, оны құқық қорғау органдарының көмегімен дәлелдеуге болады. Жәбірленушінің немесе оның туыстарының арыз-шағымы бойынша сараптамалық қорытынды жасалынып, одан әрі тергеу шаралары жүргізіледі» - деді ДСМ-нің маманы.
Дәл осы жерде, медальдың екінші бір жағы бар демекші, отандық медицина саласындағы дәрігерлердің медициналық қатесі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуларына байланысты туындайтын сұрақтарына толыққанды жауап беру үшін, төмендегі ғалым-мамандардың ой-тұжырымдарын ортаға салуды жөн деп санадық.
Тәжірибелі дәрігер хирург-травматолог, медицина ғылымдарының кандидаты Мұрат Мақсұтұлы Махамбетчин былай деген-ді:
«Ешбір мемлекетте, соның ішінде, біздің елімізде де, қылмыстық кодексте «дәрігерлік қате» термині жоқ. Бүкіл әлемде медициналық қателік юрисдикцияға жатпайды. Медициналық қателік үшін белгіленген қылмыстық жаза, бұл - дәрігер болып жұмыс істеу фактісі үшін, сол адамды қылмыстық жауапкершілікке тартумен пара-пар. «Медициналық қате» (дәрігердің кінәсіз әрекеті) түсінігінің мағынасын, «медициналық қылмыс» (дәрігердің кінәлі әрекеті) түсінігімен ауыстыруға жол берілмейді. Қателік үшін жазаланудан қорқу күні бұрын, дәрігердің жұмысына көбірек зиян тигізеді. Медициналық қателерді қылмыстық кодекске енгізу, бұл - мәселені түсінудің бүкіл тарихына қарама-қайшы келеді және медициналық қызметтің сапасын арттырудың орнына, бұдан да төмендетіп жібереді. Тәжірибелі мамандардан мұқият жасырылынып анықталмаған және талданбаған қателер көп күттірмей қайталана беретін болады. Сонымен қатар, дәрігерлер қызмет барысында ықтимал қателерді болдырмау үшін, қиын және ауыр науқастардан өздерін аулақ ұстайтын болады. Дәрігерлердің медицина саласынан кетулері, күн өткен сайын көбейе бермек.
Құқық және кәсіптік оқыту ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Тоқсан Шықтыбаев:
Медицина саласындағы медициналық қателік құқықтық заңнамалар тұрғысынан біршама басқа құбылыс ретінде түсіндіріледі. Атап айтатын болсақ, дәрігердің кәсіби қызметіне байланысты оның әрекеті немесе әрекетсіздігі (зиян келтіру):
- дәрігердің кінәсі болмаған жағдайда;
- немқұрайлылық, немқұрайлылық пен білмеушілік болмаған кезде, өзінің адал ниеттегі қателігіне байланысты;
- ар-ождандық қателіктің нәтижесі болып табылатын және қылмыс құрамы немесе теріс қылық белгілері болмаған жағдайда;
- дәрiгердiң ар-ождандық қателiгiнен ауруды қате диагноз қоюға немесе дұрыс емес медициналық шараға (операция, дәрi-дәрмек тағайындау және т.б.) әкелген;
- қазіргі ғылымның жетілмегендігінен, білімсіздіктен немесе бар білімді тәжірибеде пайдалана алмаудан туындаған жағдайларда, қылмыстық және азаматтық заңнама бойынша кінәсіз әрекет немесе әрекетсіздік үшін, дәрігер заң алдында жауапкершілікке тартылмайды.
Құрметті оқырмандар! Өздеріңізге белгілі болғанындай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында былай деген-ді:«Соңғы кездері, кейбір ірілі-ұсақты жайлардан кейін айтылған әртүрлі сипаттағы әңгімелер толассыз жалғасып, барлығымыздың көз алдымызда отандық медицина саласына қатысты, келеңсіз пікірлер ағынын тудырды. Дәрігерлер жұмысындағы ішінара, жазатайым болып қалатын медициналық оқиғаны, дәрігердің салғырттығынан туындаған медициналық қате деп, жаңсақ түсінгендіктен, оларды заңсыз, әділетсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері жиілеп кетті. Менің ойымша, бұл тәжірибені қайта қарау керек. Атап айтқанда, медициналық қызметкерлердің қызметтік міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке орын бар екенін ескеріп, жан-жақты терең талдау жүргізу керек. Тергеу кезінде немқұрайлылық (салғырттық) дәрежесін анықтау өте қиын», - деп ескерткен болатын-тұғын.
Көп ұзатпай, Президент Қ. Тоқаев 2020 жылдың 8 – ші шілдесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекске қол қойды. Оған дейін, Кодекстің жаңа редакциясымен жұмыс істеп жатқан ДСМ-гімен, медицина саласындағы қылмыстарды декриминализациялау (қылмыссыздандыру) туралы Президенттің басты өтініші тыңдалды. Алдағы уақытта медицина саласындағы осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың бір бөлігі Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстырылатын болды. Осы уақытқа дейін қолданыста болып келген «дәрігерлік қателік» деген бәрімізге таныс термин, жаңа - «медициналық оқиға» терминімен ауыстырылды.
Міне, бұдан былай қарай медициналық қызметкер өз жұмысын адал ниетпен атқара отырып, күрделі диагностикалық әдістерді орындау кезінде қателесуі мүмкін немесе адам ағзасының жеке ерекшіліктеріне байланысты емдеу шараларының күтпеген жерден күрделеніп кетуі немесе дәрігер бұрын-соңды кездестірмеген ауру болып, оның қандай да бір теріс ағымын болжау мүмкін болмаған жағдайларда пациенттің өміріне, денсаулығына келтірілген зияндар үшін мемлекеттік заңнамаға сәйкес сақтандыру пакеттері ұсынылады. Еске салатын нәрсе, бұған дейін ДСМ-гі медициналық оқиғалар үшін науқастарға сақтандыру өтемақысының мөлшерін белгілеген болатын. Кез келген пациент мәселені сот орындарына жеткізбей-ақ шешуге келіскен жағдайда, ақшалай өтемақы алуға құқылы.
Пациенттің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін:
- қайтыс болған жағдайда – 1000 АЕК, (2022 жылы 3 миллион 180 мың теңге. - ескерту);
- бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу – 800 АЕК, (2022 жылы 2 миллион 544 мың теңге. - ескерту);
- екінші топтағы мүгедектікті белгілеу – 600 АЕК, (2022 жылы 1 миллион 908 мың теңге. - ескерту);
- үшінші топқа – 500 АЕК, мүгедек-балаға – 500 АЕК, (2022 жылы 1 миллион 590 мың теңге. - ескерту);
- мүгедектік белгіленбеген жағдайда, бірақ денсаулыққа мертігу немесе жарақат алу немесе өзге де зақымдану – пациентті амбулаториялық немесе стационарлық емдеудің нақты шығыстары мөлшерінде – 300 АЕК (2022 жылы 954 мың теңге. - ескерту).
Мақала авторы еліміздегі медициналық қателіктерге байланысты статистикалық мәліметтерге толықтай тоқталып өткен екен, тағы да сол сандарды жаңғыртудың қажеті бола қоймас. Оның бержағында, ДСМ-рі А. Ғинят ханым беретін саланың статмәліметтері мен Президент Қ. Тоқаевтың ел алдында, дәл осы отандық медицинаға қатысы бар статмәліметтері көпшілік жағдайда, бір-бірімен қабыспай жатады. Олай болуы да заңды. Себебі, облыстар деңгейлеріне дейінгі медициналық мекемелер, ДСМ-іне тікелей бағынышты емес. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша өздерінің қожайындары бар. Осыған орай, әлгіндей статмәліметтер орталыққа жетем дегенше сан рет түрленіп жатса, оған таң қалудың өзі артықтау.
Ел ішінде жүріп, өздеріңіз талай естіген де боларсыздар, дәрігерлердің қателесуге ешқандай құқы жоқ деген ұстанымды. Дегенмен, дөңгеленген дүние жүзінде дәрігерлері қателеспеген мемлекет жоқ (Эльштейн Н.В., 2005 ж.). Сол сияқты, теріскейдегі көршімізде жария болған биресми статистикаға сәйкес, дәрігерлер әрбір 3-ші диагнозды қате қояды екен. Мәскеу қаласындағы төрт ірі ауруханадан алынған патоанатомиялық деректердің нәтижелері, өмір бойы өздерімен бірге келе жатқан науқастардағы диагноздың 21,6 пайызының, шын мәнінде болмағанын көрсетті. Әрбір 5 жағдайдың біріне қойылған пневмония диагнозы анықталмады, ал қатерлі ісіктерді диагностикалаудағы қателер 35-40 пайызды құрайды. Академик А. Г. Чучалиннің деректері бойынша қате немесе кеш анықталған диагнозға байланысты, пневмониямен ауыратын науқастардың 12 пайызы қайтыс болатын көрінеді (2002 ж.).
Ресейдегі статмәліметтерді басқа да өркениетті елдердегі жағдаймен салыстыратын болсақ, АҚШ-тағы медициналық қателердің үлесі 3-4 пайызды, Ұлыбританияда – 5 пайызды, Францияда – 3 пайызды құрайды екен. Ұлыбританияда жыл сайын медициналық қателіктерден 70 мыңға жуық адам, ал АҚШ-та әртүрлі бағалаулар бойынша 50-100 мың адам қайтыс болады екен. АҚШ-та әрбір 15 минут сайын 5 адам дәрігердің қателігінен немесе медицина қызметкерлерінің өз ісіне салғырттығынан көз жұматын болып отыр. Сол сияқты, Испаниядағы дәрігердің қателігінен көз жұмған адамдардың саны соңғы 10 жылда 5000-ға жуықтаса, Италияда - жыл сайынғы медициналық қателіктерден зардап шеккен адамдардың саны 90 мыңды құраған.
Кінәсіз дәрігердің «кінәсі» кімдермен анықталған?
Жарияланған мақаланың соңында біздің қызығушылығымызды оятқан жағдай, ол – қызылордалық балалар дәрігері Серік атты әріптесіміздің бұдан 2 жыл бұрын нақақтан - нақақ өте жайсыз жайға тап болуы, біздің үнсіз қалуымызға еш мүмкіндік бермегенін жасыра алмаймыз. Дәл осындай аталмыш жағдай, бұдан 4 жыл бұрын Байқоңыр қаласында орын алған-ды. Бұл жерде, емханадағы еңбек ететін дәрігер гинекологтың басты кінәсі – жүкті әйелдің босану мерзімін дәл анықтай алмауы-мыс (сәбидің айы-күні толық жетіп туса да). Осы жағдай әйел босанғаннан кейінгі кезеңде, нәрестенің өліміне әкеп соқтырған делініп, ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3 тармағына сүйене отырып (абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер), дәрігер гинекологты екі жыл бас бостандығынан айырып және осы мерзімге дәрігердің өз кәсібімен айналысуына тыйым салынады. Осы оқиға тек 4 жылдан кейін ғана республикалық «Денсаулық» жорналының 2022 жылғы 9-шы санында «Дау төркіні дәрігерде ме?» деген атпен жарияланған-ды.
Серік әріптесімізге қайта оралсақ, ол соңғы 2 жыл бойы өзінің жұмысында «дәрігерлік қателік» жібермегенін тергеушілер алдында дәлелдей алмай келген көрінеді. Бұл не деген бейшаралық деп, таң қалмасқа амалымыз жоқ? Әңгімеміздің басында айтып өткен жоқ па едік ащы шындықты: Бүгінгі таңға дейін, әлемдегі ешбір мемлекеттің қылмыстық кодексінде «дәрігерлік қателік» деген термин де, оның көпшілікпен келісе отырып қабылдаған анықтамасы да болған емес!
Біріншіден, «дәрігерлік қателік» үшін, ешкім ешжерде жазаланбауы керек екенін біле тұра, мекеме басшылығы мен ұжымдағы әріптестері неге оны кінәлі етулері керек? Әлде, ол көптің ішіндегі «ақ қарға» болды ма екен? Әйтпесе, бұл жағдай олардың құзыретінен тыс ахуал ғой. Сол үшін құқық қорғау органдары мен тәуелсіз сарапшылар бар емес пе, көмек беруге құқылы?
Екіншіден, Серік әріптесіміз кінәлі емеспін деп, тергеушілердің алдында өзін-өзі неге ақтауы керек? Еліміздегі кінәсіздік презумпциясының заңнамалық күші әлі жойылған жоқ ғой? Әріптесіміздің кінәлілігін тергеушілер өздері дәлелдесін, «дәрігерлік қателік» дегенді қай елдің қылмыстық кодексінен таппақ олар? Бұндай жағдай заң тұрғысынан алғанда, солардың құзырына жүктелген міндет.
Сайып келгенде, әлгіндей келеңсіз жайлардың барлығының күн өткен сайын өрши беруіне, елдегі тамырын тереңге жіберген жемқорлық себеп болып отыр. Соның алғашқы үштігіне кіретін ДСМ-гіне, Президент Қ. Тоқаевтың ел алдында ішінара «асқан сыпайылықпен» шүйліккені болмаса, министрді орнынан босатуын сұрап, петиция жазған қалың елдің де тілегін естігісі жоқ. Қашанға дейін созыларын кім білген?

Читайте также
«Жұмыс берушілер міндетті медициналық тексерулер туралы не білулері керек?»
№ 13/8-21-1263 от 14.04.2023 Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Қ. Исаев мырзаға Құрметті Рүстем Қанапиұлы! Соңғы уақытта еңбек
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ - ӨТЕ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Ж. Тілеубергенов, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Тәуелсіз сарапшы, заңгер Нұр - Сұлтан қаласы. Қ. А. Асқаров,
ҚАЛЫҢ ЕЛДІ ЖАЛМАҒАН ІНДЕТ ҮШІН ЕМЕС . . .
---
Құрметті оқырман! Еліміздегі денсаулық саласын цифрландыру бағдарламасына бөлінген 526 миллион теңгені жөнсіз жұмсады деп айыптап, қоғамнан
Комментарии (0)