БАР КІНӘНІ ЖҰМЫСШЫҒА ЖАБУҒА БОЛМАЙДЫ
Өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі жұмыскердің өрескел абайсыздығы және тараптардың өзара жауапкершілігі туралы
1. Өрескел абайсыздық ұғымы
Өндірістегі жазатайым оқиға контексінде жұмыскердің өрескел абайсыздығы деп, жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын саналы түрде бұзуын, осындай әрекеттердің қауіпті салдарға әкелуі мүмкін екенін алдын ала біле отырып, сол салдардың алдын аламын немесе олардан қашып құтыламын деп, негізсіз әрі жеңілтектікпен үміттенуін түсіну қажет.
Ең бастысы, орын алған өрескел абайсыздық, қасақана зиян келтіру болып табылмайды, дегенмен, қарапайым абайсыздықпен салыстырғанда, кінәнің ауырлау нысаны болып саналады.
2. Өрескел абайсыздықтың жұмыс берушінің жауапкершілігіне әсері, Еңбек кодексінің негізгі қағидаттарына сәйкес мыналар болып есептеледі:
- жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге;
-қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға;
-жұмыскерлерді оқытуға, нұсқама беруге;
-жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге;
-өндірістік процестерге бақылау жүргізуге толық жауапты болып табылады.
Осыған байланысты, жұмыскер тарапынан өрескел абайсыздықтың орын алуы
жұмыс берушінің жауапкершілігін жоймайды және ол міндеттен босатпайды.
Бұл ұстаным, құқық қолдану тәжірибесінде, ірі өндірістік және мұнай-газ компанияларының ішкі қауіпсіздік саясатында, өндірістік тәуекелдерді басқару жүйелерінде ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Іс жүзінде өндірістегі жазатайым оқиға орын алған жағдайда, «қандай жағдайда да, жұмыс беруші қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты» деген қағида басым қолданылады.
3. Міндетті сақтандыру жүйесіндегі өрескел абайсыздықтың құқықтық салдары
Қазақстан Республикасының «Жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңына сәйкес:
-өндірістегі жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы болып танылады;
-жұмыскердің өрескел абайсыздығының болуы:
-сақтандыру жағдайын жоққа шығармайды;
-сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайтуға негіз болып табылмайды.
Бір сөзбен айтқанда, өрескел абайсыздық фактісі анықталған күннің өзінде,
сақтандыру төлемдері толық көлемде жүзеге асырылады. Осылайша комиссия тарапынан өрескел абайсыздықты көрсету немесе жұмыскер кінәсінің белгілі бір пайызын белгілеу, сақтандыру-құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
4. Жұмыскер кінәсін пайызбен белгілеу мәселесі
Қолданыстағы құқықтық реттеуде көрсетілгендей, жұмыскердің өрескел абайсыздығы үшін кінәні пайыздық түрде белгілеудің, оның нақты тәртібі және есептеу әдістемесі, сонымен бірге, құқықтық салдары айқындалмаған. Осыған байланысты, пайыздық көрсеткіштер тек формальды сипатқа ие, нақты құқықтық нәтиже бермейді.
5. Халықаралық тәжірибеде апат пен өндіріс арасындағы байланыс қана анықталатынын және «тараптардың аралас жауапкершілігі» түсінігі қолданылмайтынын жақсы білеміз. Ал Ресей Федерациясында жұмыскердің өрескел абайсыздығы кезінде, оның кінәсін 25%-дан аспайтын мөлшерде белгілеу нормасы, Үкіметтің Қаулысымен бекітілген.
Алайда, бұл норманың өзге құқықтық жүйеде, әлеуметтік сақтандырудың басқа моделінде, қалыптасқан сот практикасы аясында ғана қолданылатынын ескеруіміз қажет.
Сондықтан, біздің елімізде «25%» шектеуін тікелей көшіру, қолданыстағы құқықтық жүйесіне сәйкес келмейді. Қорыта айтқанда, өрескел абайсыздық үшін пайыздық шектеу (оның ішінде 25%) енгізу құқықтық тұрғыдан негізделмеген және декларативтік сипатқа ие норма болып қала береді.
Біздің елдің жұмыс берушілері, жоғарыдағы жайлармен, көбінесе таныс емес болып шығады. Сондықтан олар жазатайым оқиға кезіндегі жұмыскердің өрескел абайсыздығы орын алған кезінде, ойына келген сандарды жазуға мәжбүр болады. Сондай оқиғалардың біріне тәуелсіз сарапшы ретінде, өзім де қатысқан едім.
Бұдан 2 жыл бұрын қызылордалық Жақсылықов Палуанбек деген жұмысшы 5 метрлік биіктіктен құлап, беломыртқасын сындырып арбаға таңылған екен. Акт Н1 құжатын толтырған кезінде, жұмысшының кінәсі 35 пайыз, жұмыс берушінің кінәсі 65 пайыз деп белгілейді. Міне, сол жағдайға Азамат атты қорғаушымен бірігіп, бұған дейін толтырылған Акт Н1 құжатын сотқа жүгініп, 100 пайыз кінәні жұмыс берушіге бергізген едік. Мұның барлығы жемқорлықпен тікелей байланысты екендігі көзге ұрып тұрды. Қазіргі кездері, өндіріс орындарында толтырылатын ең басты құжат Акт Н1, жұмыс берушілер тарапынан арнай сауатсыз толтырылады. Бұл туралы бұрынғы Министр Жақыпованың өзі де шағымданғанымен ешнәрсе біткен жоқ, сол жағдайлар әлі сақталып келеді. Айтайын дегенім осы еді.
Читайте также
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ашық хат!
---
Тақырыбы: Өндірістік жарақаттар статистикасы мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты шынайы жағдай жөнінде.
УДК 613.62 МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ж. Тілеубергенов 1 , К.А. Аскаров 2 , А.Ж. Жұбан 3 1 «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ - ӨТЕ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Ж. Тілеубергенов, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Тәуелсіз сарапшы, заңгер Нұр - Сұлтан қаласы. Қ. А. Асқаров,
Комментарии (0)
